Кезекші ХҚКО жұмыс істейді

Қазақстанның ХҚКО үшін дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін бірыңғай жұмыс кестесі енгізіледі. Сенбі және жексенбі – демалыс. Сонымен қатар, қызмет алушыларға ыңғайлы болу үшін республиканың әрбір өңірінде кезекші ХҚКО-ларды іске қосу туралы шешім қабылданды. Олар жұмыс күндері сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін қызмет көрсетеді.
"Қостанайда қыркүйек айында №1 бөлім, қазанда – №2 бөлім кезекші болады. Олар дүйсенбіден жұмаға дейін 9.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істейді. Естеріңізге сала кетейін, Қостанай облысының ХҚКО-на барған кезде көрсетілетін қызметті алушылар өздерінің мәртебесін "Ashyq" қосымшасы арқылы растауы тиіс. "Қызыл" және "сары" мәртебесі бар жағдайда талонды беруден бас тартылады, "жасыл" және "көк " мәртебесі барларға талондарды беруге рұқсат етіледі. Келушілерде QR-кодын санауға болатын қосымшалар жоқ. Ол үшін әрбір ХҚКО-да "бірінші желіде" қызмет алушының мәртебесін тексеруге көмектесетін Мемлекеттік корпорацияның қызметкерлері бар", — деп хабарлады "Азаматтарға арналған үкімет" МК" КЕАҚ Қостанай облысы бойынша филиалының PR-менеджері Ярослава Богатырева.
ХҚКО-ға барған кезде санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды: бетперде режимін, әлеуметтік қашықтықты сақтау қажет.
Естеріңізге сала кетейік, 26 тамыздан бастап ХҚКО-ларға келген кезде міндетті түрде кезекке тұру шарты алынып тасталды (Қостанай облысында ол Қостанай, Тобыл және Рудный ХҚКО-ларында қолданыста). Дегенмен, бұл қызмет түрін әлі де пайдалана беруге болады. Егер азамат кезекке алдын ала тұрған болса, онда оған брондау уақытына сәйкес қызмет көрсетіледі.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓