Ескерткіштерге саяхат

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында облыстық тарихи-өлкетану музейі  Қостанай қаласында Тәуелсіздік кезеңінде бой көтерген ескерткіштерге фотосаяхат ұйымдастырды. Музей қызметкерлерінің экскурсиясына А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің П.И. Чужинов атындағы экономика және құқық институтының студенттері қатысты. Олар егемендіктің алғашқы жылдарынан бері Қостанай қаласында еңсе түзеген ерекше ескерткіштерді аралады. Тобыл-Торғай өңірінің  аса көрнекті адамдарының, танымал тұлғаларының мүсіндерімен жақынырақ танысуға мүмкіндік алды. Атап айтқанда, саяхатшылар Шақшақ Жәнібек, Қобыланды батыр, Ахмет Байтұрсынұлы, Ыбырай Алтынсарин, Кәмшат Дөненбаева, Кенжеғали Сағадиев сынды тарихи тұлғалардың ескерткіштеріне барды. Даңқты жерлестеріміз туралы, оларға арналып салынған нысандардың пайда болу тарихы жайында егжей-тегжейлі мәліметтерге қанықты. Сонымен қатар, қаланың ажарына айналған осынау бірегей нысандарды фотосуретке түсірудің тәсілдерін түсіндіруге аналған шеберлік сабағы ұйымдастырылып, кәсіби фотографтар жастармен тәжірибе бөлісті.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓