Инвестжобалардан күтер игілік көп

Аймақ басшысы Архимед Мұхамбетов Қостанай қаласының Индустриялық аймағында инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері бойынша көшпелі кеңес өткізді. Бұл туралы Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Жиын барысында өңір басшысы жоба бастамашыларымен және жауапты тұлғалармен бірлесіп, іске асырылып жатқан өндірістердің қазіргі жай-күйін, сондай-ақ өңірді дамыту жөніндегі одан арғы жоспарларды талқылады.
-Таяу жылдары индустриялық аймақ аумағында пайдалануға берілген ауыл шаруашылығы техникасын қайта өңдеу және кәдеге жарату хабын іске қосу жоспарлануда. Сондай-ақ, қолданыстағы "Беларус" тракторларының өндірісін оқшаулауды ұлғайту мақсатында техниканың осы түріне арналған кабиналар шығаратын цех салынуда, — деп атап өтті А.Мұхамбетов.
Облыс әкімінің айтуынша,  "КАМАЗ" ЖАҚ-мен ынтымақтастықта автоқұрамдауыштар шығаратын зауыттардың құрылысы да жалғасуда, сондай-ақ "TEHNOPARK KZ" ЖШС "Луидор" ресейлік компаниясымен бірлесіп, коммерциялық техника өндірісі жобасын іске асыруды жоспарға алып отыр.
-Жоғарыда аталған жобаларды іске асырудың арқасында 1 мыңнан астам жұмыс орны құрылады. Бұл, сөзсіз, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсер етеді,-деді облыс әкімі.
Кездесу қорытындысында Архимед Мұхамбетов жауапты тұлғаларға белгіленген жоспарларды уақтылы іске асыру мақсатында жоба бастамашыларына көмек көрсетуді тапсырды.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓