Жазушыға ескерткіш тақта орнатылды

Бүгін жазушы-журналист, жерлесіміз Әбілфайыз Ыдырысовқа арналған мемориалдық тақта ашылды. Рәсімге облыс әкімі Архимед Мұхамбетов қатысты. Аймақ басшысы бұл туралы "Инстаграм" желісіндегі парақшасында жазды.Ә. Ыдырысов отандық журналистиканың дамуына баға жетпес үлес қосты, ұзақ жылдар бойы мұғалім болып жұмыс істеді. Ол Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде ұстаздық қызмет етті. Ғалым ретінде тек дәріс оқып қана қоймай, осы салада баламасы жоқ әдістемелік құралдар мен оқулықтар жазды. Оны әріптестері мен студенттер құрмет тұтты."Ә.Ыдырысовтың нұсқауын алған көптеген танымал журналист тәуелсіз мемлекетіміздің игілігі үшін қызмет етіп келеді. Заңғар тұлға газет ресімдеу, полиграфия ісі, мақалаларды өңдеу және редакциялау дағдыларына байланысты 20-ға жуық әдістемелік құралдар мен оқулықтар жазды және шығарды. Ол "Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері" атағымен, сондай-ақ көптеген медальдармен және ордендермен марапатталған. Осы мемориалдық тақтаны Ә. Ыдырысов оқыған мектептің қабырғасына орнату – тек естелік сый ғана емес, сонымен қатар қазіргі ұрпаққа үлгі қалдыру", — деді А.Мұхамбетов.Ескерткіш тақта Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-интернат қабырғасына орнатылды. Салтанатты рәсімнен кейін меймандар мектеп ішінде қамагерге арналған көрмемен танысты.
Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓