Міндет айқын

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың VII сайланған Парламенттің екінші сессиясының ашылуында жарияланған кезекті Жолдауында елімізді одан әрі өркендетудің негізгі бағыттары айтылды.
Соның ішінде әлеуметтік-экономикалық мәселелерге ерекше көңіл бөлінді.
Әсіресе, денсаулық, білім, өңірлік саясатты жетілдіру, агроөнеркәсіп, басқа да салаларды жетілдіруге байланысты тапсырмалар берілді. Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин депутаттық корпустың алдында, осы барлық бастамаларды сапалы заңдармен қамтамасыз етуге байланысты өте жауапты міндет тұрғанын айтып, Палата депутаттары қазірдің өзінде белсенді жұмысқа кірісті.
Бұл ретте Президентіміз атап өткен өнеркәсіп саясатына, ғылымға, бюджет заңнамасына, кәсіби біліктілікке, басқа да маңызды бағыттарға байланысты арнайы заңнамалық құжаттар әзірленетін болады.
Осы орайда, Жолдаудан кейін екінші сессияның алғашқы отырысы өтіп, депутаттық корпус бірқатар жаңа заң жобаларын жұмысқа қабылдады.
Әлия Сапарова,
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты
 “Nur Otan” партиясы фракциясының мүшесі.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓