«Жомарт жүрек» иелері

Бүгін Рудныйда қала меценаттары және еріктілер "Жомарт жүрек" сыйлығымен марапатталды.
Бұл – қайырымдылықпен айналысатын азаматтарға берілетін сыйлық. Оны ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі тағайындаған. Сыйлық иелерін қала әкімі Қуандық Испергенов марапаттады.
"Жомарт жүрек" статуэткасы мен мақтау қағазын "Жыл тұлғасы" аталымы бойынша белсенді филантроптық қызметі үшін Виталий Горт иеленді. "Жыл меценаты" номинациясы Есенгелді Қуанышбаевқа бұйырды. Кеншілер қаласында әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асырғаны үшін "Туған өлке" аталымындағы сыйлықты Қайрат Қазбеков еншіледі. Кешенді қайырымдылық шараларымен көзге түскен Қарлығаш Серікбаеваға "Жылдың үздік қамқоршысы" номинациясы табыс етілді.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓