Аз да болса кему бар

1 қыркүйекте Қостанай облысында коронавирус 237 адамнан табылды. Індет жұқтырғандар саны кеше 2, алдыгүні 8 адамға көп болған еді.
Бүгінгі дерек бойынша, Қостанай қ. — 105, Рудный қ. —  33, Лисаков қ. – 30, Денисов ауданында – 16, Әулиекөл және Ұзынкөл аудандарында 10 – нан, Қарасу, Қостанай және Мендықара аудандарында 9 – дан,  Б.Майлин ауданында – 3, Алтынсарин ауданында – 2, Сарыкөл ауданында 1 адам кеселге шалдыққан. 
213 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде, 20 адам коронавирус расталған науқастармен байланыста болған күдіктілер ретінде, 4 жағдай профилактикалық мақсатта ауруханаға жатқызу алдында тексерілді. 
Індет жұқтырғандардың ішінде 228 адамда ауру белгілері болды, 9 адамға симптомсыз түрі тән.
Жалпы, Қостанай облысында 2020 жылғы 3 сәуір мен 2021 жылғы 1 қыркүйек аралығында COVID-19-ды 29 180 адам жұқтырған. Емделіп шыққан адамдардың саны – 25 585 .
Осы жылдың 1 ақпанынан бастап, бірінші компонентпен 298 882 адам, екінші компонентпен 248 119  адам вакциналанды.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓