Қарасуда жаңа мектеп ашылды

Бүгін облыс әкімі А.Мұхамбетов Қарасу ауданының Қарасу ауылында мемлекеттік тілде оқытатын 320 орындық жалпы білім беретін мектептің салтанатты ашылуына қатысты.Мектепте сапалы білім беру процесі үшін қолайлы және қауіпсіз жағдайлар жасалған: интерактивті жабдықпен жабдықталған кабинеттер, ыңғайлы шеберханалар, оқу залы бар кітапхана, заманауи спорт залы бар. Инклюзивті оқыту үшін барлық қолайлылық ескерілген, яғни пандус, кең есіктер орнатылған, санитарлық тораптармен жабдықталған.Аймақ басшысы қарасулықтарды жаңа мектептің ашылуымен құттықтап, мұғалімдерге, ата-аналар мен оқушыларға жаңа оқу жылында табысты болуларын тіледі.Бұдан соң аймақ басшысы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша салынып жатқан, мектеп педагогтеріне арналған тұрғын үй құрылысының барысымен танысты. Екі пәтерлі үйлер құрылысының жалпы құны – 48 млн теңге. Нысанның жалпы ауданы – 320 шаршы метр. Қазіргі уақытта іргетас құйылып, қабырғалары көтерілген, қоршау орнатылып, шатыр салу жұмыстары басталыпты.Сондай-ақ, облыс әкімі Қарасу-Восток су құбыры желілерінің құрылыс барысымен танысты. Жоба құны – 1,897 млрд теңге. Бұл жоба «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Нысан 2022 жылы пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.А.Мұхамбетов одан кейін «Қараман-К» ЖШС алқаптарын аралап, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілермен кездесті. Мұндағы дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың жалпы егіс алаңы – 642,8 мың га, майлы дақылдар алқабының көлемі 58,6 мың га құрады.Сапар қорытындысында облыс басшысы аудан әкімі В.Радченкоға ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы бағытындағы жұмыстарды күшейтуді тапсырды.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓