Білімді әрі патриот болуымыз керек

Қазақстанда мұғалімдерге деген көзқарас, ықылас айрықша. Біз әлемде сауатты елдердің қатарындамыз. Бүгінгі азаматтық қоғамның дамуы, тұрғындардың әртүрлі өзгерістерге белсене үн қосуы – осы сөзімнің айғағы.
Мемлекет басшысының кезекті жолдауында білім мәселесі, мұғалімдердің жағдайы назардан тыс қалған жоқ. Білімге зор мән беретін елде ұстаздардың айлығы аз болмауы керек. Осы бағытқа алдағы үш жылда 1,2 трлн теңге бөлінеді. Президент осы туралы айтты.
«Педагогика мамандығына түсудің балы артты. Мұғалімдерді қолдау саясатын жалғастырамыз. Жаһандық өзгерістерге сәйкес, түлек оқу аяқтағанша нарықтағы жағдай өзгеріп кетуі мүмкін. Сондықтан жауапты министрлік жаңа жағдайға оқу бағдарламасын бейімдеуі қажет», — деді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.
Өзім білім беру саласында бірнеше жыл тер төктім, қазір осы жөніндегі әр жаңалықты жібермей тыңдап отырамын. Сонымен қатар, патриотизм де менің сүйікті тақырыбым. Қаншама жыл осы бағытта жұмыс істедім. Президенттің мемлекет тұтастығы туралы айтқанда: «Қоғамдағы бірлік пен келісімді көздің қарашығындай сақтауымыз керек», — деді. Бұл – біз үшін ең басты ұран.
Баққали ІЗТІЛЕУОВ,
оқу-ағарту ісінің үздігі

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓