Барлық сала қамтылды

Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Жолдауы – бұл еліміздің дамуының негізгі бағыттарын анықтайтын саяси маусымының ең маңызды оқиғалардың бірі. Қасым-Жомарт Кемелұлы Жолдауда халық үшін бүгінгі күннің өзекті мәселелері коронавирус пен қуаңшылыққа  қоса стратегиялық маңызы бар экология, білім беру, саяси жүйенің дамуы секілді  салаларда қабылдануға қажетті нақты шараларды белгіледі. 
Жолдау қойған бар тапсырмаларында анық көрінетін бас идея – барлық қазақстандықтың өмірін жан-жақты жақсарту, ыңғайландыру, мүддесін қорғау. Тұрғын үй бағдарламасының жаңартылуы болсын, ең төменгі жалақы деңгейінің көтерілуі болсын – бәрінің түпкі ойы осыдан шығады.
Президент бар салаларда жаңа технологияларды кеңінен қолдануды мемлекет приоритеті деп жариялады. Шынымен, интернет біздің өмірімізді өзгертті, күн сайын жаңа мүмкіндіктерде туғызуда. Осы орайда ел алдында қойылған IT-салада жүз мың маманды дайындау мақсаты – қиын да күрделі болғанымен, сөзсіз қажетті шара.
“Nur Otan” партиясының облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары ретінде саяси жүйеміздегі жаңартуларды ерекше атап өтер едім. Парламентте әйелдер, жастар мен ерекше қажеттіліктері бар адамдардың өкілдерінің болуы – қабылданатын заңдар барлық азаматтарымыздың мүдделеріне жауап беретіндігінің кепілі. Жарияланған аудан әкімдерінің тікелей сайлау жоспары, бюджетті қарастыруға сәйкес елді мекендердің тұрғындарын тарту отандастарымыздың азаматтық белсенділігін арттыратынына кәміл сенемін!
Аққожина Бибігүл Бүркітқызы,
"Nur Otan" партиясының облыстық 
филиалы төрағасының бірінші орынбасары.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓