Қ.Тоқаев: Мемлекет банкирлерге көмектеспеуі керек

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл туралы Қазақстан халқына Жолдауы барысында айтты.
"Стресті активтер деңгейін төмендету бойынша жұмыстың маңызы зор. Біз шешім қабылдадық: мемлекет банкирлерге көмектеспеуі керек. Сонымен қатар, мұздатылған активтерді экономикалық айналымға қайтару қажет. Бірақ тек нарықтық негізде. Ол үшін заңнамалық база қажет. Үкімет қаржы реттеу жөніндегі агенттікпен бірлесіп, жыл соңына дейін заң жобасын Парламентке енгізуі керек", — деді Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында.
"Банк жүйесі қаржы нарығының ең маңызды бөлігі болып саналады. Мемлекет, бизнес өкілдері мен қатардағы салымшылар банктердің тұрақты жұмыс істеуіне мүдделі. Сондықтан банктерге тегін қолдау көрсетілмейді. Бұл – ұлттық экономиканы ынталандырудың бір жолы", — деді Президент.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓