Ата заң – тәуелсіздік төлқұжаты

Бүгін мемлекетіміз үшін аса маңызды мереке – ҚР Конституциясы күні. Ата Заң – тәуелсіз еліміздің басты құжаты. Бұл – Қазақстанның әр азаматының құқығының, халық мүддесі мен құндылықтарының қорғаны. Еркіндік, теңдік, татулық, ауызбіршілік мұраттары, елдік қағидаттары белгіленген төлқұжатымызды қастерлеу әрқайсымыздың азаматтық парызымыз деп ұғуымыз керек. Өйткені егемен еліміздің тұғыры бекіп, еңсесі тіктелуі жолындағы басты темізқазығымыз да осы Ата Заңымыз болғаны шүбәсіз. Біздің құқықтық, демократиялық және бейбіт мемлекет құруымыздың өзі тікелей осы Конституциямызға байланысты. Айта кету керек, Ата Заңның тамыры сонау дербестікті көксеп өткен азат болмысты ата-бабаларымыздың дүниетанымынан тамыр тартады. Ол дәуірден-дәуірге жетіліп-дами келіп, әлемдік озық тәжірибелер тезінен өтіп, азаматтық қоғам құруға үндейтін айбынды күшке айналды. "Заңға бағынған құл емес" деген аталы сөз бар. Сондықтан тек ізгілікке негізделген мемлекет қалыптастыруды көздейтін Конституциямыздың талап-тәртіптерін, қағида-шарттарын бұлжытпай орындауға тиістіміз. Сол арқылы елге деген құрметіміз айқындалары сөзсіз.
Құрметті отандастар, жерлестер, сіздерді осынау мемлекеттік мерекемен шын жүректен құттықтағым келеді. Еліміздің іргесі аман, тұғыры биік, қадамы нық, болашағы жарқын болсын! 

Дәмер Қалқаев,
облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы
мен кинобейнеқор орталығының басшысы

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓