Облыс әкімінің құттықтауы

Құрметті қостанайлықтар!
Сіздереді шын жүректен Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтаймын!
Бұл күн барлық қазақстандықтар үшін ерекше маңызды. Биыл біз демократия мен теңдік қағидаттарына негізделген еліміздің Негізгі Заңының қабылданғанына 26 жыл толуын атап өтеміз.
Қысқа тарихи кезең ішінде Қазақстан әлеуметтік-экономикалық өзгерістердің жоғары қарқынын көрсете отырып және өз азаматтарының конституциялық құқықтарын іске асырып, өзі туралы халықаралық аренада да сенімді түрде мәлімдеді. Бұған ауылдық округ әкімдерінің алғашқы табысты сайлауы жарқын мысал бола алады. Ашық және халыққа есеп беретін саясатты жүргізетін көппартиялы мәслихат құрылды.
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Қазақстан экономикалық дамуда, азаматтарымыздың өмір сүру деңгейін арттыруда, демократияның берік негіздерін құруда айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізгенін атап өткен жөн. Бұл еліміздің әрбір өңірінің дамуына қуатты серпін берді.
Біз бірлесіп көп жұмыс атқардық және барлық салада оң нәтижелерге қол жеткіздік. Осы жетістіктердің барлығы біздің Конституциямыздың негізінде жатыр.
Құрметті жерлестер!
Баршамыз үшін осы маңызды күні облысымыздың әрбір тұрғынына отбасылық амандық, зор денсаулық, молшылық пен бақыт тілеймін!
Қостанай облысының әкімі А.Мұхамбетов

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓