Аймақ басшысы Арқалықта

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов жұмыс сапарымен Арқалық қаласына барды.Аймақ басшысы бірінші кезекте «Арқалық Айдар» ЖШС мал шаруашылығы кешенінде болды. «Торғай Ет» ЖШС ет өңдеу кешенін шикізатпен қамтамасыз ету мақсатында қуаттылығы бір мезгілде 5 мың ІҚМ басын бордақылау алаңын және 2,5 мың басқа асыл тұқымды репродукторды қамтитын мал шаруашылығы кешенінің құрылысы жүргізілуде. Жобаның жалпы құны –3,6 млрд.теңге, 60 жұмыс орнын құрылады.
Бұдан кейін Арқалық қаласының жылумен жабдықтау жүйесінің қайта жаңартылуын тексерді. Бұрын айтылғандай, Арқалық ЖЭО қатты отынына көшеді. Қаржыландырудың жалпы сомасы 7,4 млрд.теңге құрайды. Нысанды пайдалануға беру осы жылдың қазан айына жоспарланған.
Одан әрі «Алюминстрой» ЖШС астық өңдеу кешенінің жұмысымен танысты. Мұнда астық өңдеу кешенінің құрылысы жүргізілуде, оның құрамына қуаты 20 мың тонна астық сақтайтын элеватор, қуаты жылына 13,2 мың тонна өнім құрайтын құрама жем зауыты кіреді. Жобаның құны – 1,9 млрд теңге, 56 тұрақты жұмыс орны құрылады.
Сондай-ақ, облыс әкімі «Торғай Плаза» сауда-ойын-сауық орталығында болды. Нысан осы жылдың мамыр айында ашылған болатын. Оған сауда бутиктері мен «Солнечный» супермаркетінің филиалы кіреді. Сонымен қатар, вакцинация пункті бар. Жалпы, Арқалық қаласында КВИ-ға қарсы вакцинациялауға арналған 7 егу кабинеті бар. Бүгінгі күні бірінші компонентпен 10 887 адам вакциналанған, екінші компонентпен 8637 адам екпе алыпты.А.Мұхамбетов Арқалық қаласының ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерімен «Азия 1» ЖШС және «Елена» ЖК ШҚ алқаптарында кездесті. Кеңес барысында астық жинау компаниясының қазіргі ахуалы талқыланды. Айта кетейік, Арқалық аумағындағы жаздық егіс көлемі 307,620 мың гектарды құрайды.Сапар соңында облыс әкімі Арқалық қаласының әкімі А.Асановқа ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша жұмысты күшейтуді тапсырды.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓