«Жас жолаушы» акциясы

Қостанай қаласының полиция басқармасы мен төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері «Жас жолаушы» атты бірлескен акция өткізді.
Жақында — 1 қыркүйекте жаңа оқу жылы басталады, балалар қайтадан мектепке барады. Жаз бойы олар қарқынды көлік ағындарынан арылды, сондықтан бұл білімді мүмкіндігінше тезірек қалпына келтіріп, жолдағы қауіпсіз мінез-құлық негіздерін еске түсіру керек.
-Бүгін, біз тағы да ата-аналарды өз балаларына үлгі болуға шақырамыз! Мүмкіндігінше жиі жолда және көшеде қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін қайталаңыз. Жолды кесіп өтуге асықпаңыз, баламен тоқтап, бағдаршам сигналдарын көрнекі түрде көрсетіңіз және олардың мәнін түсіндіріңіз, бірнеше жағдайды талдаңыз, — деп атап өтті полиция капитаны Карина Базарбаева.
Төтенше жағдайда, қоғамдық көлікте өзін қалай ұстау керектігін Қостанай қ.ТЖБ инженері Каукен Ғасырбек айтып берді.
 — Егер автобус төтенше жағдайға (ЖКО, өрт) тап болса, сабырлық сақтауға және автобустан тез кетуге тырысыңыз. Есіктер бұғатталған жағдайда терезелерді сындырыңыз немесе нұсқаулық бойынша авариялық шығысты ашыңыз (шатырдағы люк немесе терезе). Мұны өз бетінше жасай алмайтындарға шығуға көмектесіңіз, — дейді К.Ғасырбек.
  Сондай-ақ, полиция қызметкерлері жолдардағы қауіпсіздік шаралары туралы айтты: Егер сіз қозғалыс кезінде салонда жанудың, өрттің, түтін белгілерін байқасаңыз, дереу жүргізушіге хабарлаңыз. Өрт болған жағдайда бетіңізді суға малынған шүберекпен жауып, ол арқылы дем алыңыз. Егер салонда өрт сөндіргіш болса, оны өрт ошағын жою үшін пайдаланыңыз.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓