13 жаңа жағажай ашылады

Қостанайда шомылу маусымындағы қауіпсіздік мәселелері жөнінде брифинг өтті. Қостанай облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Азамат Орынбаевтың мәлімдеуінше, облыс аумағында шомылуға арналған ресми 9 жағажай бар, таяу уақытта тағы 13-і ашылады.
   «Жыл сайын өткізілетін профилактика жұмыстарына қарамастан облыстағы су айдындарында 18 адам суға ағып кетті, оның ішінде алтауы – кәмелетке толмаған балалар. 23 тамызда тағы екі қайғылы жағдай болды. Қостанайда кіші көпірдің маңында және Рудный қаласында ер адам су батып кетті. Кейбір су айдындары шомылуға арналмаған, сондықтан арнайы жабдықталмаған орындарда шомылу және мас күйде суға түсу салдарынан адамдар өліп кетіп жатыр. Балаларды да қараусыз қалдырмау керек», — деп атап өтті А.Орынбаев.
  Ведомство қызметкерлері қайғылы жағдайларға қарамастан, құтқару операциясын белсенді жүргізіп жатыр. Шомылу маусымы басталғалы 17 адам, соның ішінде екі жасөспірім құтқарылды. Сондай-ақ, тұрғындарға ақпарат беру мақсатында 473 ескерту белгісі мен 62 ақпарат тақтасы қойылды.
   «Күннің аптап ыстығы мен адамдардың су айдынында жаппай шомылуына байланысты департамент 4 мобильді бекет қойды. Екеуі Қостанай қаласында және Жітіқара мен Арқалық қалаларында бір-бірден орналастырылды. Сондай-ақ, демалыс күндері Б.Майлин ауданындағы Қаратомар су қоймасында мобильді бекет жұмыс істейді», — деп түйіндеді А.Орынбаев.

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓