Демалыс күнгі локдаун сақталады

         «Қызыл» аймақтардағы өңірлерде демалыс күнгі локдаундарды сақтау қажет. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты. 

        «Халықтың шектеу талаптарының орындалуын бақылауды жалғастыру керек. Бұл үшін өңірлерде мониторинг топтарының саны көбейтілді, олардың қызметінің тиімділігін күшейту қажет. Барлық өңірлер мен мемлекеттік органдар вакцина салдырудың қажеттігі туралы ақпараттық жұмысты кеңейтілсін», — деді Асқар Мамин. Сонымен қатар Үкімет басшысы «қызыл» аймақтардағы өңірлерде демалыс күнгі локдаундарды сақтау қажеттігін баса айтты.

        «Бүгінгі күні тіркелген «ASHYQ» пайдаланушылар саны – 4 млн-нан астам. Қазірдің өзінде жобаға 111 мың бизнес субъектісі қатысады. Бизнеспен жұмысты жалғастырып, жобаға қатысушылар санын ұлғайту керек», — деген Премьер-Министр бұл мәселені жалпы бақылауда ұстауды орынбасары Ералы Тоғжановқа тапсырды.

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓