Екпе алғандар арасында ұтыс өтеді

Аманкелді ауданында  вакцина алғандар арасында ұтыс ойыны  ұйымдастырылуда. Ұтыс ойнына қатысу үшін 16-31 тамыз аралығында Аманкелді ауданының екпе орталықтарында вакцинаның бірінші компонентін алу қажет.
Акцияның басты мақсаты — пандемиямен күресу, халықты ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін вакцина алуға ынталандыру. Шараны қоғам белсендісі, Айбек Таңатбаев  ұйымдастырады. Айта кетейік, ұтыс сыйлықтары арасында шаңсорғыш, кіржуғыш машина, ұялы телефон, шаш кептіргіш және басқа да қажетті заттар бар. Акция 16 тамыз күні таңғы сағат 9:00 ден бастау алып, 1 қыркүйекте аяқталып, тікелей эфир арқылы ұтыс жеңімпаздары анықталды. Барлық үдеріс емхана тарапынан бақылаушылардың, сондай-ақ вакцина алғандардың  қатысуымен тікелей эфирде көрсетілді. 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓