Тәулік дерегі: 264 адамға артты

11 тамызда Қостанай облысында коронавирусты 264 адам жұқтырған.
Атап айтқанда: Қостанай қ. — 68, Рудный қ. — 37, Әулиекөл және Қостанай аудандарында 20 – дан, Жітіқара қ. – 17, Қарабалық және Федоров аудандарында – 14, Б.Майлин ауданы – 13, Арқалық қ. – 11, Қамысты ауданы – 9, Мендықара және Денисов аудандарында 8 – ден, Лисаков қаласы және Ұзынкөл ауданында – 6, Науырзым ауданы – 5, Жангелді және Қарасу аудандарында 4 – ден.
231 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде, 32 адам коронавирус расталған науқастармен байланыста болған күдіктілер ретінде, 1 жағдай профилактикалық мақсатта ауруханаға жатқызу алдында тексерілді.
Індет жұқтырғандардың ішінде 232 адамда ауру белгілері болды, 32 адамға симптомсыз түрі тән.
Жалпы, Қостанай облысында 2020 жылғы 3 сәуір мен 2021 жылғы 11 тамыз аралығында COVID-19-дың 23 584 жағдайы тіркелді.
Емделіп шыққан адамдардың саны – 21 122.
Осы жылдың 1 ақпанынан бастап, бірінші компонентпен 269 369 адам, екінші компонентпен 206 184 адам вакциналанды.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓