«Қара бүркіт» маңы өртенді

Қостанай облысындағы "Қара бүркіт" колониясы өртке орана жаздады, деп хабарлайды облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі.
Ведомствоның мәлімдеуінше, аптап ыстық салдарынан колония маңындағы құрғақ шөп тұтанған. Өртті қызметкерлер байқап қалып, дереу сөндіруге кіріседі. Тілсіз жауды ауздықтауға төрт сағат уақыт кеткен. Колонияның жеке құрамы өрт сөндірушілер көлігіндегі су қорын жылдам толтырып отыруға көмек көрсетті.
«Ашық жалын азық-түлік қоймасына қарай өтіп кетпес үшін мекеме басшылығы ТЖД қызметкерлеріне жәрдемдесу туралы шешім қабылдады. Кезекші ауысымдағы барлық күшті өртке қарсы күреске жұмылдырдық», — деді УК161-3 мекемесі бастығының міндетін атқарушы Асхат Баламбаев.
Айта кетейік, «Қара Бүркіт» мекемесінде аса ауыр қылмыс жасап, қатаң үкім кесілгендер жазасын өтейді.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓