Заңдылықтарды қатаң қадағалаңыз

Қазіргі уақытта халық Армения Республикасынан жеңіл автомобильдерді әкелу мүмкіндіктеріне белсенді қызығушылық танытуда. Осыған байланысты Қостанай облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті азаматтарға Армениядан көліктерді сатып алу, әкелу заңдылығын, оның ішінде жөнелтуші елдегі кедендік тазарту кезінде кедендік төлемдер мен салықтарды төлеудің толықтығын тексеруге кеңес береді.Департамент өкілдері 2014 жылғы 10 қазаннан бастап 2020 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде Армения Республикасында кедендік тазартуды жүзеге асырған автомобильдер ЕАЭО аумағында шетелдік автокөліктер деп танылатынын еске салады.                                                                     
Аталған көліктерді Қазақстан Республикасына сату үшін көрсетілген кезеңде ресімделген әкелу кезінде кедендік ресімдеу және ЕАЭО кеден заңнамасына сәйкес кедендік төлемдер мен салықтарды қосымша төлеу талап етіледі. 
Аталған автомобильдерді сатып алған жағдайда кедендік төлемдер мен салықтарды төлеу мәселелері бойынша аумақтық мемлекеттік кірістер органдарына жүгіну қажет.
Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаметінің байланыс телефоны: 53-63-48, 53-72-44. 53-74-09.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓