100 өлең оқып, көлік ұтып алды

Алматы қаласында "ASSYLTAS" қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен “100 өлең” республикалық байқауы өз мәресіне жетті. Байқаудың басты талабы қазақтың 100 ақынының бір-бір өлеңін жатқа оқу болды.
Елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты байқаудың бірінші іріктеу кезеңі ZOOM платформасы арқылы онлайн форматта өтті. 500-ден астам қатысушы өлеңдерді тікелей эфирде оқып, олардың 25-і ғана жартылай финалға жолдама алды.
Соңғы айналымда 4 қатысушы сынға түсті. Қостанай облысының атынан А.Байтұрсынов атындағы өңірлік университетінің 4-курс студенті Ақерке Жанмұрат қатысты.
Ақерке 17-21 ғасырлардағы қазақ ақындарының шығармаларын таңдады. Авторлар арасында Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мағжан Жұмабаев және тағы басқа ұлы шайырлар бар. Сондай-ақ, Есенғали Раушанов, Исраил Сапарбай, Маралтай Райымбекұлы, Бақыт Беделхан және Олжас Қасым секілді қазіргі қазақ поэзиясының танымал өкілдеріне де жерлесіміздің таңдауы түсіпті.
Төрешілер шешімімен Ақерке байқаудың басты жүлдесін жеңіп алып, судай жаңа Chevrolet Nexia маркалы автокөліктің иегері атанды.
Айта кетейік, бұл Ақеркенің байқаулардағы алғашқы жеңісі емес. Бойжеткен бұған дейін де республикалық пәндік олимпиадаларға, халықаралық деңгейдегі "21 ғасыр көшбасшысы" интеллектуалдық ойынына, сондай-ақ облыстық көркемсөз оқу байқауларына қатысып, сан мәрте жеңімпаз атанған болатын.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓