Аниваксерлермен жұмыс қалай жүруде?

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ведомство тарапынан антиваксерлермен қандай жұмыс жүргізіліп жатқанын баяндады. Бұл туралы  ҚазАқпарат тілшісі жазады.
«Азаматтардың әртүрлі санаты бар. Әлемде коронавирустың бар екенін мүлдем жоққа шығаратындар да жоқ емес. Денсаулығына басқалай зиян келетінінен қорқатын адамдар тобы бар. Әр топқа әртүрлі тәсіл қолдану керек. Біз түрлі жолмен түсіндіріп жатырмыз. Қазір түрлі топпен жұмыс жүргізілуде. Әр санат анықталып, мамандарымыз солармен түсіндіру жұмысымен айналысып жатыр», — деді министр орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Сондай-ақ, ведомство басшысы вакцинаға қарсы адамдардың дерекқорын жинау жоспарда жоқ екенін айтты.
«Біздің міндетіміз – халыққа түсіндіру. Антиваксерлердің қатары көп емес. Біз олармен жұмыс істейміз. Халықты вакцинаны қолдайтындар мен қолдамайтындар деп бөлу міндетін алға қойып отырған жоқпыз. Біздің міндетіміз – халықтың осы топтарымен жұмыс істеу ғана, вакцинацияның қаншалықты пайдалы екенін және екпе алмаса не болатынын түсіндіру. Сондықтан біз кез келген адаммен жұмыс істейміз», — деді Алексей Цой.

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓