Ұжымдық иммунитет қажет

Мәншүк ОСПАНОВА,
Қостанай қаласындағы №2 мектеп-лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі:
Қазіргі уақытта коронавирусқа қарсы ем-шаралар арасында вакциналау ісі алдыңғы орында тұр. Біраз мемлекеттерде (АҚШ-та, Англияда, Ресей Федерациясында, Қытай-да, Израильда, Германия-да және т.б.) COVID-19 қарсы егу шаралары әлде қашан басталып кеткен. Біздің елде де қасіреті мол аурудан қорғау мақсатында халықты жалпы вакциналау жүргізілуде. Ғалымдардың айтуынша, вакцина дайындау технологиясы мен өндірісіне 3-5 жыл керек. Себебі, вакцина көптеген тестілерден өтеді. Бірақ қазіргі өмір талабына сай, ковидке қарсы екпе ауадай қажет. Қаншама науқас осы дертке шалдығып, өмірмен қош айтысуда. Сондықтан, ғалымдар уақытпен санаспай, коронавирусқа қарсы вакцинаны дайындау мезгілін барынша қысқартып, қысқа уақытта қолдануға берді.
Егер халықтың көп бөлі гіне ек пе егі лсе, ұжымдық иммунитетке қол жеткізіледі. Бұл жұқпалы аурулардың таралуын бәсеңдетеді. Біздің елімізде коронавирусқа қарсы екпе жасату ерікті түрде жүргізілуде. Өз басым биылғы 18 маусым күні «Спутник V» вакцинасының біріншісін, 12 шілдеде екінші компонентін алдым. Екпе жасауға ешқандай қарсылығым жоқ. Жақындарымның, айна лам дағы өзге де адамдардың қауіпсіздігі үшін екпе жасату дұрыс шешім деп ойлаймын.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓