Басым күш – баспана құрылысына

Рудный қаласында 2021 жылы "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында 40,5 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр. Кеншілер қаласында алғашқы жартыжылдықта 21,4 мың ш.м. баспана салынған. Үшінгі тоқсанға еншіленіп отырған жоспар бойынша, шаһарда тағы 10,9 мың ш.м. тұрғын үй тұрғызылмақ.
"Қазіргі уақытта МЖК ауданында үш тұрғын үй құрылысы қарқынды жүріп жатыр.  Олардың екеуі – жалдамалы және біреуі – коммерциялық баспана, — дейді қала әкімі Қуандық Испергенов. — Мұның сыртында, Рудныйда несиелік тұрғын үй бағыты бойынша тағы бес үйдің құрылысы басталды. 2022 жылы пайдалануға беріледі". ⠀
 Жалпы, Қостанай облысында биыл "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында 449 мың шаршы метр тұрғын үй салынады. Атап айтқанда, жалдамалы, коммерциялық және несиелік баспаналар бой көтеріп, үйлерді қалына келтіру жұмыстары жүргізіледі.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓