Карантин күшейе түседі

Өңір басшысы Архимед Мұхамбетовтің қатысуымен КВИ таралуына жол бермеу бойынша жедел штабтың кезекті отырысы өтті. Бұл туралы Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Штаб отырысы барысында облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Р.Айтбаевтың және Арқалық, Рудный қалалары мен Жітіқара ауданы әкімдерінің есебі тыңдалды. Сондай-ақ, мониторинг топтарының жұмысы қаралды. Мониторинг топтары 2021 жылғы 1 маусым мен 25 шілде аралығында 4 724 рейдтік іс-шара өткізіп, 190 карантиндік шараларды бұзу деректерін анықтаған.
Облыс көлемінде инфекцияға қарсы мекемелерде 1 927 керует бар. Олардың 1 627-сі – инфекциялық керует (51,9% толық), 300-і – карантиндік керует (25,6% толық).
Бұдан басқа, барлық енгізілген ұсыныстар қарала отырып, биылғы 1-14 тамыз аралығында екі апта мерзімге келесі шектеулерді енгізу туралы шешім қабылданды:
«Ashyq» жобасына қатысуына қарамастан, демалыс және мереке күндері мына нысандардың жұмысы тоқтатылады:
— мәдениет мекемелері, театрлар, кинотеатрлар;
— қоғамдық тамақтану орындары жұмыс күндері сағат 20:00-ге дейін жұмыс істейді;
— көлемі 2000 шаршы метрден асатын нысандар, оның ішінде азық-түлікке жатпайтын тауарларды сататын сауда орталықтарының жұмысы шектеледі;
— азық-түліктік және азық-түліктік емес базарлар, оның ішінде жабық базарлар жұмысы шектеледі;
— сауна, СПА-орталықтар, бассейндер, жабық спорт нысандары, термопарк жұмыс істемейді.
Эпидемиологиялық жағдай жақсарған кезде шектеу шараларын қайта жеңілдету туралы мәселе қаралатын болады.
Өңір басшысы облыс тұрғындарына өз денсаулықтары және жақындарының денсаулығы үшін жауапкершілік танытуға, эпидемияға қарсы іс-шаралардың барлық ережелерін сақтауға және COVID-19-ға қарсы уақтылы вакцинациядан өтуге кеңес береді.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓