Талқыда – тіл саясаты

Бүгін қала және аудан әкімдерімен өткен селекторлық кеңесте тіл саясаты жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның іске асырылу барысы талқыланды. Аталған мәселе тұрғысында Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының басшысы Гүлжан Мендекинова баяндады. Бұл туралы Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Қазіргі таңда ел жүзінде Тіл саясатын ілгерілетудің 2020–2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылуда. Оның басты бағыты – мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейте түсу.
Биыл Тілдерді оқыту орталықтарының жұмысын ұйымдастыру үшін жергілікті бюджеттен 294,2 млн теңге бөлінген. Мемлекеттік органдарда қазақ тіліндегі құжат айналымы бүгінгі таңда 100%-ға жуықтағаны мәлім болып отыр.Қазіргі кезде облыста ересек азаматтарды тілдерге оқытатын 20 орталық жұмыс істейді. Барлық орталық замануи техникалық құралдармен жабдықталған. Жыл сайын тіл үйренушілер саны артып келеді. 2019 жылы тілдерді оқыту орталықтарында 6 221 тыңдаушы оқыса, 2021 жылы 8 921 тыңдаушы мемлекеттік, ағылшын және басқа да этнос тілдерін үйренуге бет бұрған. Соның ішінде 6 760 тыңдаушы немесе 76% азамат мемлекеттік тілді оқып-үйренуде.
Сонымен қатар, тілдерді оқыту курстары облыстағы ірі кәсіпорындарда да ұйымдастырылуда. Еліміздегі автокөлік құрастыру саласында көшбасшысы болып саналатын «СарыарқаАвтопром» АҚ басшылығы мемлекеттік тілге ерекше назар бөліп, әкімшілік-шаруашылық қызметкерлерін қысқа мерзімдік бағдарламамен оқытуда.
Облыс бойынша қазақ тілінің дұрыс қолданылуына апта сайын мониторинг жүргізіп келеді. Бұл жұмысқа ҮЕҰ, БАҚ өкілдері, белсенді жастар тартылып, 800-ден астам шағын және орта бизнес нысандары қамтылған. 
Жиын қорытындысында өңір басшысы Архимед Мұхамбетов қала және аудан әкімдеріне тіл саясаты саласындағы жұмысты жандандыруды, сондай-ақ бөлінетін бюджет қаржысын ұлғайтуды тапсырды.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓