Сайлау-2021: шарттар мен міндеттемелер

Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары үміткерлерді тіркегеннен кейін басталатын науқан. Яғни, кандидаттарды тіркеу заңнамаға сәйкес 2021 жылдың 14 шілдесі күні сағат 18.00-де аяқталып, сол сәттен үгіт жұмыстары басталып кетті. Сайлауға бір күн қалғанда, яғни, 24 шілде «тыныштық күні», сағат 00.00-ден кейін үгіт-насихат науқаны тоқтатылады.
Жалпы, сайлауалды үгіт жұмыстарының барлығы тек заң шеңберінде бұқаралық ақпарат құралдары беттерінде (баспа, электрондық), көпшілік орындарда (дебаттар, дискуссиялар, шерулер, митингтер, демонстрациялар) жүзеге асырылуы тиіс. Сонымен қатар, кандидаттар мен олардың сенімді өкілдері сайлаушылармен кездесу өткізуге құқылы, баспа, аудио-видео түрінде үгіт материалдарын жүргізе алады.
«Бұқаралық ақпарат құралдары материалды басып шығару, ал телеарналар мен радиолар, сайттар хабар тарату уақытын, төлемақыны келісім-шарт бойынша белгіленген мерзім аралығында жүзеге асырады. Заң тыйым салған «лайықсыз сайлауалды үгіт-насихат» түсінігі бар. Оған: сайлау кампаниясына арнайы әзірленген баспа материалдарын, белгішелерді, жалаушаларды, туларды тегін таратудан бөлек, сайлаушыларға тегін немесе жеңілдігі бар тауарлар ұсыну, қызметтер көрсету, құнды қағаздар тарату, лотореялар мен қайырымдылық акциялар ұйымдастыруға болмайды», — деді Қостанай облыстық сайлау комиссиясының мүшесі Әсия Дуанбаева.
Бүгінгі таңда жергілікті атқарушы органдар кандидаттарға сайлаушылармен кездесу өткізуге арналған 87 нысан дайындап қойған. Үгіт-насихат материалдарын орналастыруға 159 орын әзірледі, оның ішінде 96 стенд, 58 тақта, 5 бағана.
Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы теле және радио арналарда, аудандар мен қалалардағы демонстрациялық экрандарда тоқтаусыз транслияцияланып отыратын аудио-видео материалдарды ұсынып отыр.  

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓