Құрметті қостанайлықтар!

Сіздерді Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Құрбан айт-бейбітшілік пен бірліктің және мейірімділік пен өзара көмек сияқты мәңгілік адами құндылықтарды нығайтатын мұсылмандардың басты мерекелерінің бірі. Бұл қасиетті күндерде мұқтаждарға, жесірлер мен жетімдерге көмектесу, араздарды татуластыру, бейбіт өмірге шақыру сияқты құнды қасиеттер біріктіріледі.
Біздің елімізде бұл мереке көптеген ғасырлар бойы ұлттық құндылықтарымыздың ажырамас бөлігі ретінде мемлекеттік деңгейде ерекше құрметпен аталып келеді.
Өңірдегі эпидемиялық жағдайға байланысты ҚМДБ мақұлдауымен биыл құрбандық шалу онлайн режимде өтеді. Барлықтарыңызды түсіністікпен қарап, карантин режимін қатаң сақтауға шақырамын! Қиын уақытта, жер бетінде індет өршіп тұрған кезде, бір-біріңізге қолдау көрсетіп, адамдарға қамқорлық жасап, жауапкершілікті сезінуіңіз керек.
Құрметті жерлестер! Құрбан айтта сіздердің құрбандықтарыңыз, мейірімділіктеріңіз, дұғаларыңыз қабыл болсын, ал қасиетті мереке әрбір азаматқа, әрбір отбасына бақыт, амандық пен молшылық әкелсін!
Біздің халқымыз қазіргі уақытша қасіреттен аман өтіп, ееліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Құрбан айт құтты болсын!
Архимед МҰХАМБЕТОВ
Қостанай облысының әкімі

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓