Үздіктердің үздігі

«Қостанай облысының үздік мемлекеттік қызметшісі — 2021» байқауында Арқалық қаласына қарасты Целинный ауылының бас маманы Азатхан Шоқпатов үздік шықты.
Мемлекеттік қызметшілер күні қарсаңында ұйымдастырылған байқауға жас маман: «Ауылдық жерлерде мемлекеттік қызметтің имиджін көтеру» тақырыбындағы жобасымен қатысқан. Байқау шартына сай, жұмыс орыны, қызығушылықтары жайлы бейнеролик дайындап жіберулері тиіс болды. Азатхан тақырып аясында ауыл тұрғындарынан, жастардан сұхбат алып, сауалнама жүргізіп, жан-жақты жұмыс жасапты.
Бірінші турға облыс бойынша 15 үміткер өтініш берсе, комиссия құжаттарының толықтығы, таңдап алған тақырыптарының өзектілігіне орай, екінші кезеңге 6 қатысушыны ғана таңдап алған.Одан соң осы алтаумен онлайн түрде сұхбат жүргізіліп, комиссия арқалықтық маманды жеңімпаз деп тануға бірауыздан шешім шығарған.
Нәтижесінде Азатхан Шоқпатов «Облыстың ең үздік мемлекеттік қызметшісі» атанды.
Азатхан Ғафурұлы мемлекеттік қызметте 2017 жылдан бері жұмыс істеп келеді. 2019 жылға дейін Ақтас ауылдық әкімдігінде болса, соңғы екі жылда Целинный ауылдық әкімдігінің бас маманы қызметін атқарып жүр.
Мұрат
 Жүнісұлы
Арқалық қаласы.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓