«Мен ауылдың баласы»

Осындай атаумен Н.Ахметбеков атындағы мәдениет үйінің концерттік залында аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Шыңғыс Садуақас ауданның белсенді жастарымен кездесу өткізді.
Аталмыш іс-шара барысында аудан жастары жазғы маусымды тиімді өткізу туралы ойларын ортаға салып, өз ұсыныстарын жеткізді.
Сондай-ақ, жастар ауданның тазалық жұмыстарын, көгалдандыру, абаттандыру және жастарға арналған алаңдар мен орталықтардың ашылуына бірлесе жұмыс жасауды, көне жәдігерлермен, киелі жерлермен толыққанды танысуды, ішкі туризмді дамыту мен нығайтуды тілге тиек етті.
Орталық директоры жастарды алдағы жылдың жоспарларымен жіті таныстырып өтті. Жоспар аясында аталған іс-шараларды және айтылған ұсыныстарды жоғары деңгейде өткізуге атсалысуға жастарды шақырды.
Жанкелдин ауданы.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓