«Мемлекеттік тіл  – мәртебең» 

11-22 маусым аралығында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына және Мемлекеттік қызмешілер күніне орай Меңдіқара ауданы әкімдігінің тілдерді оқыту орталығы мемлекеттік қызметкерлер арасында тіл мәртебесін көтеруге бағытталған аудандық байқау ұйымдастырды. Сайысқа аудан көлеміндегі мекемелердің мемлекеттік қызметшілері белсенді қатысты. Жыл сайын жалғасын тауып келе жатқан доданың форматы биыл біршама өзгерген. Өйткені, қазіргі іс-шаралардың басым көпшілігі онлайн форматта өткізілуде. «Мемлекеттік тіл —  мәртебең»  байқауы қашықтан өткізіліп, алғашқы кезеңінің тапсырмасы бойынша әр топ команда атауы және ұранымен таныстыра отырып, бейнеролик дайындауы тиіс болды. Сайыстың келесі кезеңдері де «QUIZZIZ» бағдарламасы арқылы тест тапсырмаларынан және «ZOOM» платформасында «Мемлекеттік қызметшінің әдебі және мінез-құлық нормалары» атты жағдаяттық сұрақтармен жалғасты. Сайыскерлердің әр кезең бойынша жұмыстары әлеуметтік желілерге жарияланып, халық бағасына ие болып отырды. Бүгінде мемлекеттік қызметте еңбек етіп жүргендерге  қазақ тілін білу – басты талап.  Байқауға 10 мемлекеттік қызметші қатысты. Әділ қазылар алқасының шешімімен, үш кезеңнің қорытындысы бойынша, Меңдіқара ауданының қаржы бөлімі мен мәдениет, тілдерді дамыту, спорт және дене шынықтыру бөлімі қызметкерлерінің мерейі үстем болды. Екінші орын мінбесінен Меңдіқара ауданының аумақтық инспекциясының қызметкерлері көрінсе, үшінші орынды Меңдіқара ауданы әкімінің аппараты мен Ішкі саясат бөлімінің қызметкерлері иеленді. 23 маусым күні Меңдіқара ауданының әкімі Н.Қатарбеков сайыс жеңімпаздарын құттықтап, грамоталар және сертификаттар табыс етті.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓