Курсанттар көмек қолын созды

ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының курсанттары еріктілермен бірге ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға азық-түлік себеттерін жеткізуге көмектесті.Республикалық «Халық» қайырымдылық қорының науқаны бір апта бойы жалғасуда. Жеті күн бойы еріктілер облыс орталығында және жақын маңдағы елді мекендерде тұратын отбасыларға 1000 азық-түлік себетін жеткізуі керек.
Жастар ресурстық орталығының волонтерлік секторы басшысының міндетін атқарушы Сымбат Манатованың айтуынша, курсанттардың көмектері өте маңызды.
— Олар бізге 50 келілік себеттерді өлшеп-орап тиеуге, сондай-ақ межелі жерге жеткізуге көмектесті. Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан, ұйымшыл командамыздың арқасында біздің жұмысымыз үйлесімді болды. Әр адам бір ортақ игі іске өз үлестерін қосып жатқанын түсінді.Көмек қолын созған отбасылардың балалары мен ата-аналарының жүздеріндегі қуанышты байқауға болады. Болашақ полицейлерге олардың назары мен көмектері үшін алғыстарын білдірді.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓