Жолшы мамандығына сұраныс көп

Зерттеулерге сәйкес, бүгінде оқушылардың тек 10-15 пайызы ғана болашақта кім болғысы келетінін дөп басқан. Ал статистикаға сүйенсек, еңбек нарығындағы бос жұмыс орындарының 70 пайыздан астамын жұмысшы және техникалық мамандықтар алып тұр. Алайда, мамандықты таңдау кезінде оқушылар мен студенттер тек оқу орнының беделі мен қалаған мамандығының танымалдылығына сүйенеді. Соның салдарынан нарыққа аса қажет мамандықтар сұранысқа ие бола алмай отыр. Қазіргі уақытта мемлекет жол саласына қатысты мамандықтарға білім гранттарын көптеп бөлген.
– Негізі жол саласын таңдаудың үш негізгі себебі бар. Біріншіден жол саласы үшін елімізде гранттар саны айтарлықтай көп.  Бұл дегеніңіз, мемлекет тарапынан қолдауға ие болып, ата-анаңызға көмегіңіз тиіп, тегін оқуға үлкен мүмкіндік бар. Екіншіден, жол саласындағы мамандықтарға сұраныс өте көп. Мысалы, филиалға заңгер іздеген кезде бір жарты сағаттың көлемінде 200-ден аса түйіндеме келіп түскен. Ал зертханашы (лаборант) іздегенде небәрі 4 түйіндеме келді. Осыдан-ақ, қорытынды шығарсаңыздар болады, – дейді "Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы" облыстық филиалының директоры Абылай Алшынбаев.
Жолшы болғысы келетін студенттердің жақсы жалақы алуға мүмкіндіктері бар. Биылдан бастап орталық студенттерді ақылы практикаға қабылдамақ.
– Тәжірибе жинап қана қоймай, 85 мың теңге көлемінде жалақы тағайындалады. Мұның барлығы жастарда өз мамандығына деген ынтасын арттырады деп есептеймін, – деді филиал директоры.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓