Міндетті вакциналау енгізіледі

Бүгін ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Үкімет отырысында міндетті вакциналауды енгізу қажет салаларды атады. Бұл туралы "Экспресс-К" сайты жазады.
"Санитариялық-эпидемиологиялық жағдай өзгеріп жатыр. Өңірлерде вирус жұқтырған адамдардың саны күн сайын өсіп келеді. Ауруханалардағы орындардың жүктелуі 27 пайызды және жансақтау бөлімдерінде 24 пайыз. Елордадан басқа "қызыл аймаққа" тағы 4 өңір кірді. "Сары аймақта" 5 өңір, "жасыл аймақта" 7 өңір бар",- деді Асқар Мамин.
Оның айтуынша, "Қызыл аймақтағы" барлық өңірлерде шектеу шаралары қолданылып, мониторинг топтарының жұмысы күшейтілуге тиісті.
"Резервтік инфекциялық орындардың дайын болуы, дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдар жеткілікті болуы керек. Бүгінгі күні 3,3 млн-ға жуық адам бірінші компонентті, шамамен 2 млн адам екінші компонентті салдырды. Бірақ бұл жеткіліксіз. Әкімдер вакцина салу қарқынын күшейтуі тиіс. Еңбек ұжымдарында, қызмет көрсету, білім беру саласында міндетті вакциналауды енгізу қажет",-деді Үкімет басшысы.
Ол осы тапсырманы бақылауды вице-премьер Ералы Тоғжановқа жүктеді.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓