Ардагер журналист ардақталды

Бүгін облыс әкімдігінің Ішкі саясат басқармасының басшысы Марат Кенжебекұлы журналистика ардагері Меңдібаев Сәлім Тоқмырзаұлын ҚР Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күнімен арнайы құттықтай барып, "Еңбек ардагері" медалін табыс етті.
Сәлім Меңдібаев 1946 жылы 5 шілдеде Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы, Ақсуат кентінде туған. 1969 жылы Қазақ Ұлттық Университетінің журналистика факультетін бітірген. 1971-2016 жылдар аралығында Қостанай облыстық «Қостанай таңы» газеті редакциясында еңбек етті. 1999 жылдан бастап «Қостанай таңы» газеті Бас редакторының бірінші орынбасары қызметін атқарды.
Сәлім Меңдібаев Қазақстан Жазушылар одағы мен Журналистер одағының мүшесі (2008), Мәдениеттің еңбек сіңірген қайраткері (2009), Қазақстанның журналистер одағы сыйлығының лауреаты (2005), Қостанай облысының әкімі сыйлығының, Қостанай меценаттар клубының «Қазына» сыйлығының (2007), «Қазақ тілі» өңірлік қоғамының «Ұлтжанды азамат» сыйлығының иегері.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓