Тартысты жарыс

Қостанай ауданындағы И.Павлов атындағы ауылдың жанындағы Тобыл өзенінде су туризмі техникасынан облыстық жарыс өткізілді. Үш күндік доданы облыстық білім басқармасының дене шынықтыру және балалар мен жасөспірімдер туризмі аймақтық орталығы ұйымдастырды.
Түрлі кезеңдерге бөлініп, командалар ең күрделі сынақтарды еңсеруі керек болды. Жарыс бағдарламасына үш техникалық қашықтық кірді. Алғашқы «кедергілер жолағы» қашықтығы 8 кезеңнен тұрды. Онда қатысушылар техникалық кезеңдерден өту, жергілікті жерге бағдарлау, байдаркада командалық есу, медициналық көмек көрсету және зардап шеккен адамды тасымалдау бойынша өз шеберліктерін көрсетуі тиіс болды.
Облыстық білім басқармасының туризм бөлімінің басшысы Аян Абдуллиннің хабарлағанындай, аталмыш жарысқа облыс аудандарынан барлығы он команда қатысты. Олар ескек есу, құтқару құралдарын пайдаланудан шеберлік көрсетті. Әсіресе, Сарыкөл, Қостанай аудандары, Қостанай қаласының командалары ерекше көзге түсті. Қостанай облысында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында жыл басынан бері осындай шаралар ұйымдастырылып келеді.
Сайыс қорытындысы бойынша Сарыкөл ауданының «Алтай» командасы жеңіске жетті. Екінші орынды Қостанай ауданының «Степная братва» командасы иеленді. Үшінші орын Қостанай қаласының командасына бұйырды.
Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері мақтау қағаздарымен, медальдармен, кубоктармен және туристік жабдықтармен марапатталды.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓