Жас өркеннің сауатын ашты

Қостанай облыстық мешітінің жанындағы жазғы діни сауат ашу курсын биыл 34 шәкірт оқып, тәмамдады. Бұл курс ҚМДБ-ның тапсырмасы бойынша, 27-мамыр мен 18-маусым аралығында ұйымдастырылған болатын. Игі іс туралы облыстық мешіттің баспасөз қызметі хабарлады.
Мешіт ұжымы балалардың жазғы демалыс уақытын тиімді өткізу үшін қолайлы жағдай туғызды. Дәріс барысында балалардың ой-өрісін кеңейту, талғамын арттыру мақсатында өнегелі жұмыстар атқарылады. Шәкірттерге Құран әліппесі, Сира (Пайғамбар өмірбаяны), Сенім мәселесі, Исламдағы 100 сұраққа байланысты жайлар оқытылды. Балалар ислам әдебін меңгеріп, салауаттар мен дұғаларды жаттады. Қыз балаларға «Сарыағаш» медресе-колледжін аяқтағалы отырған Әйгерім Қойшиева мен облыстық мешіттің ұстазы Жансая Халим тағылымды білім берді. Ал, ер балаларға «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің 2-ші курс студенттері Бекзат Қапар мен Әлинұр Балахметтер білгенін үйретіп, олардың тиянақты білім алуларына барын салды. Курс барысында қызықты спорттық ойындар өткізіліп, қол өнерін шыңдауға да назар аударылды.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓