Нұсқаулықтар таратты

Меңдіқара ауданындағы ТЖ бөлімінің қызметкерлері орман учаскелерін тұрақты түрде бақылауға алып, дала өртінің алдын алу жұмыстарын жүргізуде. Игі іске әкім аппаратының өкілдерімен, мемлекеттік орман инспекторларымен және құқық қорғау органдарының өкілдерімен бірлесіп кіріскен.
Аудандық ТЖБ-нің хабарлауынша, кезекті рейд Каменскурал орманшылығының, Каменскурал ауылдық округінің аумағында өтті. Азаматтық қорғау саласының қызметкерлері тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелерін ескертті. Ормандағы демалушыларға түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырып, нұсқаулық парақшаларын таратты.
Өрт шығудың қауіпті кезеңі басталғаннан бері орман алқаптарында жалпы саны 119 рейд жүргізілген. Оның барысында 801 азаматқа нұсқау беріліп, 758 жадынама табыс етілді. Іс-шараға қатысушылар орманда өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзған жағдайда және бақылаусыз от жағу кезінде кінәлілер әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын ескертті.
 Қ.МҰРАТБЕКҚЫЗЫ.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓