Марафон жалғасуда

Демалыс күндері Қостанай облыстық «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» жастар қанатының «Біз Біргеміз» еріктілер қозғалысының белсенділері «30 игі іс» акциясы аясында іс-шаралар өткізді.
Оған облыстың қалалары мен аудандары қатысты. Шаралардың легін Рудный қалалық мәслихатының депутаты Мұрат Ысқақов пен рудныйлық еріктілер бастады. Олар қаладағы қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі интернат-үйінің алма бағының аумағында сенбілік өткізді.
Және Лисаков еріктілері қалалық мәслихат депутаты, «Jas Otan» ЖҚ бөлімшесінің басшысы Юрий Пресновпен бірге «Балаларға сәттілік» атты іс-шара өткізіп, балалармен ойын-сауық ойындарын өткізді.
Сондай-ақ, Жітіқара ауданының «Біз Біргеміз» қозғалысының еріктілері аудандық мәслихат депутаттарының, «Nur Otan» партиясы жанындағы жастарды қолдау жөніндегі қоғамдық кеңес мүшелері Исламбек Орымбаев пен Жанат Ізтаевтың бастамасымен Жітіқара қаласындағы Жамбыл Жабаев атындағы саябақта «Таза саябақ» сенбілігін ұйымдастырды.
Сонымен қатар, Федоров еріктілері де «Челябі – Қостанай» автожолының бойында сенбілік ұйымдастырып, аудан орталығындағы балаларға арналған спорт алаңын сырлады. Қарасу еріктілері де игі істен қалыс қалмай, жалғызбасты зейнеткерлерге көмек қолын созып, азық-түлік жиынтығын табыс етті.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓