Үлгілі әрі мерейлі

Арқалық қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік-әлеуметтік тапсырысы аясында «Жастар азаматтық бастамалар орталығы» ҚБ және Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының қалалық кезеңі қорытындыланды.
Байқау жеңімпаздарын арнайы комиссия қатысушы жанұялардың қоғамдық шараларға атсалысуын, өнегелі істерін, басқа да түрлі жетістіктерін саралай келе анықтады.
Нәтижесінде «Мерейлі отбасы – 2021» ұлттық байқауының қалалық кезеңінде ІІІ орынға Мельниковтер отбасы (Восточный ауылы) және Молдабековтер отбасы (Ашутасты ауылы) лайық деп танылса, Кәдірхановтар мен Нұржановтар (Фурманов ауылы) жанұясы жүлделі ІІ орынды иеленді. Ал, байқаудың І орынын Әмірғазиндер отбасы, бас жүлдесін Қазымбековтер отбасы жеңіп алды.
Қазымбековтер отбасының отағасы Қуанышбай Қабенұлы – республикалық, облыстық жыршытермешілер байқауларының жеңімпазы, «Жамбыл Жабаевтың 150 жылдығына» арналған республикалық жыршы — термешілер байқауының бас жүлдегері, 2010 жылғы Арқалық қаласының «Жыл адамы», «Көңілімнің айнасы», «Өнерімнің жаршысы» кітаптарының авторы, 2016 жылғы әдебиет саласындағы облыстық «Қазына» меценаттар сыйлығының иесі, тіл жанашыры.
Жүлдегер жанұялардың барлығына дипломмен қоса, бағалы сыйлықтар табыс етілді. Марапаттау кешінде жүлдегер отбасылар өнер көрсетіп, көрермендердің қошеметіне бөленді.
Ұлттық байқаудың қалалық кезеңінің бас жүлде мен І орын иегері байқаудың облыстық кезеңінде бақ сынамақ.
Мұрат
 Жүнісұлы
Арқалық қаласы.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓