Құрметті торғайлық бауырлар!

 

Туып өскен өңірі Көкшетау, басшылық қызмет атқарған Солтүстік Қазакстан, Торғай, Қызылорда облыстары ғана емес, бүкіл қазақ халқының біртуар тұлғасына айналған Еркін Нұржанұлы Әуелбековтің 90 жылдығы аталып өтті. Осы мерейтой барысындағы бұқара халықтың талап-тілегі мен сұрауына орай оның туған жері Көкшетау қаласындағы Әуелбеков көшесі бойында еңселі ескеркіш орнатылатын болды. Мемлекеттік дәрежедегі ресми шаруалар оң шешімін тапты. Ескерткіш халықтық инициатива бойынша жасалынып, ел-жұрттың қаражатымен салынбақшы. Осы мақсатқа орай, Ақмола облысы бойынша «E.Əуелбеков» қоры ашылып, жұмыс істеуде. Осы қордың «Қызылорда облыстық филиалы» да жұмысын белсенді түрде атқарып, өздерінің Әуелбековке деген зор құрметін көрсетіп жатыр. Қазірдің өзінде Сырдария бойы жұртшылығы 10 млн. жуық қаражат жинап үлгіріпті.

Жолынан жаңылып көрмеген Торғай елі облысы жабылып қалған соң Ерекеңе қатысты Елдiк iске бірден бел шешіп кірісе алмай қалғаны да рас. Оның себептері айтпаса да, түсінікті. Әуелбековтің кім екендігін торғайлықтарға айтып жату артық. Торғай халқына қадірі артқан Әуелбековпен біздің елде бірге қызмет атқарып, сенімді серіктері болған Кеңес Аманұлы Әубәкіров, Кәріпжанов Жәнібек, Шайжүнісов Маркен, Мәскеудегі Брынкин Виталий мен Смирнов Анатолий тәрізді азаматтар бұл жауапты істі тиянақтауды маған тапсырды. Сондықтан да, ел ағалары мен танымал азаматтары атынан жасап отырған осы арнауымды Сіздерге жолдай отырып, қай жерде жүрсе де, өз орындарын тауып жүрген Торғайлық бауырларымыздың осынау елдiк iске бiркісідей атсалысуын сұраймын!

Мәселе – торғайлықтардың Әуелбековке қатысты осындай елдік істен шет қалмауында. Ал, көптің арасынан шығып қомақты қаражат салам деген бизнес өкілдері табылып жатса, оларға да Алғыс сезімімізді алдын ала білдіреміз!

Қордың қаражат аударатын есепшоты және сенімді өкілі: Тойлыбаев Мұрат Дауылбайұлы, Каспи голд, тел. нөмірі: 8 701 566 72 33; Амангелді Төлебайұлы Садырбеков 8777 246 14 50.

Құрметпен, Амангелді Садырбеков,

«Е.Әуелбеков» қорының бұрынғы Торғай облысы филиалының жетекшісі.

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓