Күн дерегі: тағы 30 адам

23 маусымда Қостанай облысында коронавирус тағы да 30 адамнан табылды.
Атап айтсақ, Қостанай қ. — 13, Рудный қ. — 7, Арқалық қ. – 3, Жітіқара қаласы және Әулиекөл ауданында 2 адамнан, Алтынсарин, Денисов және Б.Майлин аудандарында 1 тұрғыннан індет жұқтырған.
22 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде, 6 адам коронавирус расталған адамдармен байланыста болған күдіктілер ретінде, 2 жағдай профилактикалық мақсатта ауруханаға жатқызу алдында тексерілді.
Індет жұқтырғандардың ішінде 24 адамда ауру белгілері болды, 6 адамға симптомсыз түрі тән.
Жалпы, Қостанай облысында 2020 жылғы 3 сәуір мен 2021 жылғы 23 маусым аралығында COVID-19-ды  16540 адам жұқтырған. Емделіп шыққан адамдардың саны – 16057.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓