«СөйлеTime» Меңдіқарада

"СөйлеTime" қазақ тілі клубы Меңдіқара ауданына да жетті. Клубтың ашылуы аудандық тілдерді оқыту орталығының базасында өтті.
Рәсімге облыстық Тілдерді дамыту басқармасының басшысы Г.Е. Мендекинова, Меңдіқара ауданы әкімінің орынбасары  М.Б. Сандыбеков, Қазақстан халқы Ассамблеясының Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Н.И. Козлова қатысты. "СөйлеTime"-ның аудандағы алғашқы іс-шарасы квест-сабақ түрінде өтті. Клуб қонақтары мен мүшелері аталмыш жоба идеясын жоғары бағалады.
Қазіргі таңда клубқа еркін форматтағы ауызекі сөйлеу тілін үйренгісі келетіндердің барлығы жазылуда. Ұйымдастырушылар мәлімдегендей, сабақтар айына үш рет өткізілетін болады. Мемлекеттік тілде еркін сөйлеуді үйренуге ықыласы бар кез келген меңдіқаралық клубқа мүше болып тіркеле алады.
Жалпы, Меңдіқара аудандық тілдерді оқыту орталығының 800-ге тарта тыңдаушысы болса, соның 698-і бүгінде мемлекеттік тілді оқып, үйреніп жүр екен. Енді орталықтың сыртында «Сөйле-тайм» клубы жергілікті тұрғындардың қазақ тілінде сөйлеу дағдысын қалыптастыруға үлес қосады. Жалпы, он алты тақырып бойынша сабақ өткізіледі. Басқосу орны тақырыпқа сай ауысып отырмақ. Клуб жұмысының алғашқы күніне 70 шақты адам қатысты, олардың дені – өзге ұлт өкілдері. Олар танымдық ойын-сауыққа қатысып, қосыла ән шырқап, тырнақалды кездесуді көңілді аяқтады.
Айта кетейік, бұл жоба Қостанай облысы әкімінің орынбасары Бақыт Есімованың бастамасымен жүзеге асып жатыр. Биылғы наурыз айынан жұмысын бастаған клуб күнбе-күн қанатын кеңге жайып келеді. Мемлекеттік тілді үйренемін деген әр азамат бұл клубқа мүше бола алады. Ол үшін  2-40-08, 8 -747-522-61-32 телефон нөмірлеріне хабарласып, толық ақпарат алуға болады.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓