Ауылдың гүлденуі – әкіміне байланысты

Мемлекет басшысы өзінің 2020 жылғы 1 қыркүйектегі "Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі" атты Қазақстан халқына Жолдауында (ауыл әкімдерін тікелей сайлауды енгізудің қажеттігін айтқан еді.
Көптеген шет елдердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, тікелей сайлау кезінде жергілікті атқарушы органның басшысы өз сайлаушылары алдындағы жауапкершілікті терең сезінеді, бұл оның жұмысына оң әсер етуі тиіс.
Тоқтаров селолық округі – Жітіқара ауданындағы байырғы елді мекендердің бірі. Іргетасын 1954 жылы тың игерушілер қалаған. Қазіргі таңда округке Тоқтаров және Львов ауылдары қарайды. Орталықта 500-ден астам адам тұрады. Кезінде аудан көлеміндегі ір-гелі кеңшардың бірі болған шаруашылықтың еншісінде 45 мың 700 гектардай алқап бар.
Биыл "Львовский колос" ЖШС 17 мың гектарға егін септі. Ал "Дан" шаруа қожалығы Тоқтаров ауылында 7 мың гектарға дән сіңірді. Ауылға қарасты серіктестіктер бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін әсте ұмытқан емес. Мәселен, 2018 жылы "Тың-Целина" жазғы спорт ойындары қарсаңында аталған екі серіктестік ауылға жаңа стадион тарту етіпті. Ал "Комаровское горное " ЖШС меморандум аясында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында және "Рухани жаңғыру" бағдарламасы шеңберінде ауылдағы мектеп жанынан 3 млн теңгеге балаларға арналған ойын алаңын салып берген. Үш дүкен жұмыс істеп тұр.
Шалғайдағы елді мекеннің байланыс мәселесі де шешілген. Цифрландыру бағдарламасы аясында былтыр "Қазақтелеком" АҚ, Теле2 Н+, Алтел 3G желілері бар байланыс тарату мұнарасы орнатылып, халық игілігіне берілді.
1998 жылы орталыққа газ құбыры тартылыпты. Бүгінде тұрғындар көгілдір отынның игілігін көріп отыр. 2018 жылы "Комаров тау-кен кәсіп-орыны" ЖШС-мен арадағы меморан-думға сәйкес 16 млн теңгеге әбден тозығы жеткен су құбыры жөнделіп, жаңартылыпты. Бірақ, жұмыс толық аяқталмаған. Жол мәселесі де жылдар бойы шешімін таппай келеді. Ел тұр-ғындары осы екі мәселе шешімін тапса екен деп тілейді.
– Ауылдың даму қарқыны жаман емес. Селолық округ әкімі қолынан келгенше қордаланған мәселелерді шешуге тырысады, – деді алты жыл бұрын осы жаққа көшіп келген Әсем Биғалиева.
Мемлекет Басшысының Жолдауын іске асыру үшін ҚР Ұлттық экономика министрлігі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының жобасын және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сайлау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ауылдық округ әкімдерін тікелей сайлауды енгізу бойынша заңнамалық түзетулерді көздейтін Заң жобасын әзірледі. Ел тұрғындары бұл бастаманың ауыл өмірін жақсартарына нық сенімді.
– Қазіргі ауыл әкімінің жасаған жұмыстарына көңілім толады. Әсіресе ауылдағы қарт кісілерге көп көңіл бө-леді. Қолынан келгенше көмегін аямайды. Біз әкіммен жұмыс барысында жылдық бюджеттің жұмыс жоспарын тал-қылаймыз. Халықтың айтқан түрлі мәселелерін шешуге тырысамыз. Және демеушілік, қарттарға көмек көрсету сынды әр түрлі қоғамдық мәселелерді шешудің жолдарын бірге қарастырамыз, – дейді Тоқтаров ауылдық округі әкімдігі жанындағы ақсақалдар кеңесінің төрағасы Галина Николаевна.
Айта кету керек, ауылдағы тоғыз жылдық мектепте бар болғаны 61 бала оқиды. Оқытушылық құрам отызға жуық. Білім ошағындағы оқушылар санының аздығы жергілікті тұрғындарды жиі мазалайды. Тоқтаровтықтар бала саны азайса, мектебіміз жабылып қала ма деген қауіптері барын жасырмайды. Оқушы саны аз болса да, осыдан екі жыл бұрын білім ошағының есік-терезелері түгел ауыстырылған. Мектеп инежіптен шыққандай жаңа кейіпте. Әттең, оқушы санының аздығы қынжылтады.
Ауылға жас мамандардың келгісі жоқ. Әйтпесе, ауылда тұрамын деген жанға баспан да, істейтін жұмыс та табылары сөзсіз. Мәселен, ауылда механизатор, көлік жүргізушісі тәрізді техника тілін меңерген мамандар жағы қат.
– Былтыр ауылымыздың баласы оқуын тәмамдаған соң туған жерге келіп, мал дәрігері болып жұмысқа орналасты. Отбасын құрып, балалы-шағалы болды. Қазір тәптәуір жұмыс істеп жүр. Егер біздің елдімекенге қоныс аударушылар табылса, құшақ жая қарсы алар едік, – дейді жергілікті билік өкілдері.
Жітіқара ауданы.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓