Ерлік істері ұмытылмайды

Бүгін Ұлы Отан соғысының басталған күні. 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы ХХ-ғасырдағы ең басты шиеленіскен оқиғаның бірі ретінде, адамзат тарихының ең қайғылы беттерінің бірі ретінде мәңгілікке есте қалмақ. 22 маусым күні неміс-фашист басқыншылары кеңестер одағына тұтқиылдан шабуыл жасап, басып кіргені тарихтан белгілі. 1418 күнге созылған осы қанды қасапта қостанайлықтар да жанкиярлықпен ерлік өнегесін көрсетті. Қостанайда 151-жеке атқыштар бригадасының құрылды. Ол кейін даңқты 150-атқыштар дивизиясының негізі болғандығы мәлім.
"Ұлы Отан соғысы жылдары 73 мыңнан астам қостанайлық соғысқа қатысты. Соның 24 мыңнан астамы ұрыс алаңдарында қаза тапты, 3,5 мыңы – госпитальдарда алған жараларынан қайтыс болды, 16 мыңға жуығы хабарсыз кетті. Соғыс жылдарында 500-ден астам қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атанды. Бұл атақты екі мәрте алған төртеудің екеуі – біздің жерлестеріміз Иван Павлов пен Леонид Беда. Жалпы, қостанайлық жауынгерлердің 31-і Кеңес Одағының Батыры жоғары атағын, ал 9-ы Даңқ орденінің толық кавалері атанды. "Бәрі майдан үшін, бәрі Жеңіс үшін" ұраны тылда қалғандардың өмірлік мәніне айналды.Қазақстанға ондаған әскери зауыттар көшірілді, оларда ерлер ғана емес, сондай-ақ әйелдер, қарттар, балалар жанқиярлықпен еңбек етті. Соғыс жылдарындағы барлық ауыртпалықтар солардың иықтарына түсті. Тек Қостанайға ғана 10 кәсіпорын мен мекеме жіберілді. Облыс орталығында бірнеше көшірілген госпитальдар, Сталинград әскери-авиация училищесі орналастырылды. Қорғаныс қорына қостанайлықтардың аударған жалпы ақшалай жарна сомасы 181 миллион сомнан асып түсті. Облыс еңбеккерлерінің қосымша қаржысына танк колоннасы мен 4 шабуылшы ұшақ жасалды. Облыс еңбекшілері соғыс жылдарында майданға 100 вагоннан астам азық-түлік, жылы киім және басқа да сыйлықтар жіберді",– дейді облыстық тарихи-өлкетану мұражайының бөлім басшысы Бақыткүл Мұратбекова.
А.КӘДІРҰЛЫ.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓