Мемлекеттік қызмет – абыройлы міндет

2013-жылдан бастап ҚР Президентінің Жарлығымен 23-маусым елімізде мемлекеттік қызметші күні болып белгіленген. Мемлекеттік қызметші болу – бұл үлкен абырой. Ол билік пен халық арасында байланыстырушы буын. Сондықтан, көп нәрсе оның кәсіби біліктілігіне, жедел түрде ой қорытып, қандай да бір мәселелерді шешу жауапкершілігін өз мойнына ала білу дағдысын игергендігіне байланысты. АҚШ-тың 35-ші Президенті Джон Кеннеди: "Мемлекеттен маған не бересің деп сұрама, өзіңнен мен мемлекетке не істей аламын деп сұра", – депті. Кез келген деңгейдегі мемлекеттік қызметші лауазымы, жай мамандық тұрғысымен салыстырғанда мейлінше жоғары. Бұл – өзін-өзі жетілдірудің тұрақты процесі.
Облыстық ауылшаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Исмаилов он бес жылдан бері мемлекеттік қызметте істейді. Ол өзінің еңбек жолын ҚР АШМ "Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжалдарының әдістемелік орталығы" ММ қарасты Жітіқара аудандық филиалынан бастады. Кейін аудандық ауылшаруашылық бөлімінің бас агрономы, Қамысты ауданы ауылшаруашық бөлімінің басшысы қызметін атқарды. "Облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы" ММ егін шаруашылығы және озық технологиялар бөлімінің бас маманы, Қостанай қаласы әкімінің орынбасарының көмекшісі тәрізді бірқатар қызметтік сатылардан өтті. Ол кез келген мемлекеттік қызметші өз ісіне жауаптылықпен қарап, жоғары орындаушылық, өзіне және әріптестеріне талап қоя білу, мүлтіксіз адамгершілік қасиеттеріне ие болуы тиіс деп есептейді.
–Мемлекеттік қызметшінің сыртқы мәдениеті мен ішкі дүниесінің ұштасып жатуы, әдептіліктің белгісі. Мемлекеттік қызметшілердің моральдық-этикалық бейнесі мен кәсіби сапасына Әдеп кодексі жоғары талап қояды. А.П.Чеховтың сөзімен айтқанда, адамда: бет, киім, жан, ой – бәрі сұлу болу керек. Ең алдымен, адал қызмет, әділ шешім, қарапайымдылық және адамгершілік қасиеттері барлық мемлекеттік қызметшінің бойынан табылуы тиіс. Себебі, біздің ойымызда жеке мүддеміз емес, ең алдымен қоғамның мүддесі тұрады, – дейді Қайрат Хайдар-ұлы.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓