Ағайынның алғысына бөленген

Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жоба­сы аясында еріктілер акциялар ұйымдастыруда.
Қайырымдылық іс-шарасына атсалысқан жандардың бірі – Б.Майлин ауданының тұрғыны Саттар Мамедов. Қолы ашық, жүрегі жомарт азамат тұрғындарға жақсы таныс. Ол таяуда тұрмысы төмен 5 отбасына көмек көрсетіп, азық-түлік пакеттері мен ұн апарып берді.«Мен үшін адамдардың алғысынан артық ештеңе жоқ. Мұны өзімді көрсету, атымды шығару үшін жасап жатқан жоқпын. Қолдан келген көмегімді мұқтаж жандарға көрсетуден жалықпаймын. Жетімін жылатпаған, жесірін қаңғыртпаған ұлттың ұрпақтары үшін бұл таңсық іс болмауы керек,- дейді Саттар Мамедов.
Қайырымды жан бұл сауапты амалын жалғастыра беруге ниетті.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓