Мақсат – кесел жолын кес-кестеу

Қостанай облысы әкімі Архимед Мұхамбетовтің төрағалығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі облыс әкімдігі жанындағы комиссияның отырысы өтті.
Күн тәртібінде 2015-2025 жылдарға арналған антикоррупциялық стратегияның 3-кезеңін іске асыру барысы, сондай-ақ аудандық және қалалық әкімдіктер жұмысын сервистік моделіне көшіру қорытындылары қаралды.
Жиын кезінде облыс көлемінде сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу және оған жол бермеуге бағытталған жұмыстар үздіксіз жүргізілетіні айтылды. Мысалға Әулиекөл ауданындағы ахуал келтірілді. Бұл ауданда қазіргі таңда 4 «Көмек алаңы» фронт-кеңсесі жұмыс істеп тұр. Жыл басынан бері ұзын саны 332 мемлекеттік қызмет көрсетілген. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында 2021-2022 жылдарға арналып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қалыптастыру аясында қоғамдық келісімді нығайтуға бағытталып, жалпы сомасы 1 млн теңге болатын келісім-шартқа қол қойылған.
Мұнымен қоса, отырыс барысында бюджет қаржысының ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ету, сондай-ақ бюджетті пайдаланудың тиімділігін бағалау мақсатында құрылған «Ашық бюджеттің интерактивті картасы» жобасы жемісті жұмыс істеп жатқаны сөз етілді. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасына сәйкес, квазимемлекеттік секторда комплаенс-қызметті енгізу шаралары жүріп жатыр. Қазіргі уақытта квазимемлекеттік сектордың 331 нысаны арасынан 201 ұйым қызметкерлері комплаенс функциясы үлестірілген.
Жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру механизмін атқарып отырған БАҚ та тілге тиек етілді. Соңғы 5 айда өңірдегі масс-медиада 1065 материал жарық көріпті. Оның 467-сі баспасөзге, 79-ы телеарналарға, 519 жарияланым ақпараттық агенттіктерге тиесілі екен.
Отырыс қорытындысында, аймақ басшысы А.Мұхамбетов сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу бағытындағы жұмыстарды белсенді жүргізе беруді тапсырды.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓