Жаңа супермаркет ашылды

Арқалық өңірінде бизнес көзін дамытып отырған азаматтар қатары жылдан жылға артып келеді. Елбасы Жолдауында көрсетілген шағын және орта бизнестің дамуына жан-жақты қолдау көрсетіліп келеді. Жақында шағын қалада «Солнечный» супермаркеті ашылды.  
Ірі сауда орталығында  12 мыңнан астам тауар түрі саудаға шығарылса, соның 3 мыңға жуығы арнайы жеңілдіктермен сатылады. Сондай-ақ, мұнда өзге де тауар түрлерімен қатар сүт және шұжық өнімдерінің сан түрі тұтынушыға тауар өндіруші белгілеген бағамен ұсынылады.  
«Бұл жобаға біз жарты жылдай уақытымызды жұмсадық. Жобаны «Даму» қоры және «ForteBank» қолдады. Экономикалық жағдайды дұрыстау үшін 250 млн теңге қаражат кетті. Үкіметтің қолдауымен төменгі 6% — пен несие берді. Басты мақсатымыз — тұтынушыларға төмен бағада сапалы тауар ұсыну және қала тұрғындарын жұмыспен қамту. Осы жоба арқылы 80 адам жұмыспен қамтылды. Алдағы уақытта тағы 10 адамды жұмыспен қамтуды жоспарлап отырмыз. Олардың орташа айлығы 110 — 130 мың теңге көлемінде болады»,- дейді «Солнечный» сауда кешені директорының қаржы жөніндегі орынбасары Аманкелді Садуақасұлы.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓